Әртүрлі технологиялық объектілер үшін РСУ (DCS), ПАЗ (ESD), SCADA жүйелерін әзірлеу және енгізу

Жаңа және қолданыстағы өндірістік кәсіпорындарда, процестерді барынша бақылау және қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, «Zeinet & SSE» компаниясы таратылған басқару жүйесімен (DCS) және аварияға қарсы қорғау жүйесімен (ESD) біріктірілген, нақты уақыттағы диспетчерлік басқару және деректерді жинау жүйелерін (SCADA) жеткізу арқылы, жобаларды әзірлеу және іске асыру бойынша шешімдерді ұсынады

Біздің жүйелік интеграция саласындағы тәжірибеміз және өнеркәсіптік автоматтандыру саласындағы құзыретіміз, жобалау сатысынан бастап өнеркәсіптік пайдалануға беруге дейін, кепілдік және кепілдіктен кейінгі сүйемелдеуді қоса алғанда, бүкіл жұмыс циклі ішінде, бүкіл жобаны әзірлеуге және жүргізуге мүмкіндік береді.
  • Клиент объектісінің техникалық жай-күйін тексеру және талдау

  • Жеткізілетін жүйенің жобалық құжаттамасын әзірлеу

  • Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және конфигурациялау

  • Жабдықтарды жеткізу

  • Өнеркәсіптік пайдалануға енгізу және кепілдік міндеттемелер

  • Монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстары

  • Қаптау және тасымалдау

  • Жүйелерді құрастыру және зауыттық сынау

Энергетикалық, мұнай-газ және мұнай-химия өнеркәсібінде іске асырылған жобаларымыз, біздің клиенттің міндеттерін түсінетінімізді және оларға біздің шешімдерімізді сапалы және тиімді ұсына алатынымызды көрсетеді.

Rockwell Automation компаниясының Allen-Bradley КТК базасында Арал, Түркістан және Қорқыт-Ата компрессорлық станцияларына арналған SCADA, РСУ және ПАЗ жүйелерін әзірлеу және енгізу

PDF форматында ашыңыз

SIEMENS компаниясының SIMATIC S7 ПТК базасында Ақыртөбе сығымдау компрессорлық станциясы үшін РСУ мен ПАЗ жүйелерін әзірлеу және енгізу

PDF форматында ашыңыз

SIEMENS компаниясының SIMATIC S7 ПТК базасында Бадамша жел электрстанциясына арналған SCADA мен ПАЗ жүйелерін әзірлеу және енгізу

PDF форматында ашыңыз